Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамағы адам өміріне аса қауіпті елдер анықталды: Қазақстан ондық ішінде

Опубликовано:

Мамандар адам өліміне әкеп соғар аса қауіпті тамақтану әдеттері бар елдер рейтингісін жасап шығарды. Анықталғандай, ТМД елдеріндегі тағам түрі бәрінен де зиянды болып шыққан. Қазақстан бұл тізімде тоғызыншы орында орналасқан деп жазады Daily Mail-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: navat.kg
Фото: navat.kg: Facebook

Зерттеу жұмысын Германиядағы Йенде орналасқан Фридрих Шиллер университетінің ғалымдары жүргізген. Олар 1990 мен 2016 жыл аралығын қамтыған.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, тағамнан болған адам өлімі бойынша бірінші орынды Өзбекстан иеленген. Ол жерде дұрыс тамақтанбау құрбандарының саны 100 мың жергілікті тұрғынға шаққанда 394 мың адамды құраған.

Екінші орынға Түркменстан орныққан. Оның көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 376 марқұм. Үшінші орынды Қырғызстан мемлекеті қанжылаған. Бұл елде тамақтанудан болған адам өлімі бойынша 350 оқиға тіркелген.

Артынан Украина (349), Молдова (328), Әзірбайжан (319), Беларусь (313), Тәжікстан (310) орналасты.

Тізімнің тоғызыншы орны біздің елге бұйырған. Анықталғандай, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 306 адам дұрыс тамақтанбау салдарынан көз жұмған. Оныншы орынды Ресей (291) иеленді.

Тамақтанудан болған адам өлімі ең аз болып саналған елдер көшін Испания мен Израиль бастап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772864-tamagy-adam-mirine-asa-kauipti-elder-anyktaldy-kazakstan-ondyk-isinde/

pixel