Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда босқын жүкті әйелге пышақпен шабуыл жасаған

Опубликовано:

Германиядағы ауруханалардың бірінде ауғанстандық босқын жүкті әйелге шабуыл жасап, салдарынан әлі өмірге келмеген нәресте қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: РИА Новости / Захари Шойрер
Фото: РИА Новости / Захари Шойрер: Depositphotos

Полицияның мәліметінше, оқиға жұма күні Бад-Кройцнах қаласында болған.

Ауғанстаннан шыққан босқын аяғы ауыр әйелге пышақпен шабуыл жасып, салдарынан 25 жастағы Польша азаматы өміріне қауіпті жарақат алған.

Дәрігерлер әйелге бірден ота жасағанымен оның іштегі баласын сақтап қалу мүмкін болмаған. Қазір әйелдің жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Ал шабуыл жасаған қаскөй ұсталып, прокуратура мен полиция тергеуді бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1772898-germaniada-boskyn-zkti-jelge-pysakpen-sabuyl-zasagan/

pixel