Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыңдамаймын": Абай Бегейдің қызы әкесінің әндерін білмейтін болып шықты

Опубликовано:

Абай Бегей қызының өнер жолына келгенін қаламаса да, әнге деген құштарлығын көріп, сахнаға шығуға рұқсат еткенін айтты. Алайда әншінің қызы әкесінің әндерін білмейді екен. Бұл туралы өнер иесі "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

“Өзім өнер жолының қиын екенін сезінгеннен кейін, қызыма өнерге жақындама деп айтқан едім. Өнерде жүрген әпке-қарындастарымды да көріп жүрмін”, - дейді Абай Бегей.

Ал әншінің қызы Сымбат әкесінің барлық әндерін тыңдамайтын, тіпті білмейтін болып шықты.

“Әкемнің барлық әндерін білмеймін. Соның ішінде “Бағалым” мен “Аймүсін” әндерін тыңдаймын”, - дейді жас жеткіншек ағынан жарылып.

"Бір үйге бір той әншісі де жетер" деп ойлаған Бегей болашақта қызына тек сапалы әндер айтқызуды жоспарлап отыр.

“Қазіргі таңда үлкен жобаларға, концерттерге шақырту алып жатыр. Жоспарым - болашақта фонограммамен ән айтқызбау. Кез келген концертте жанды дауыста ән айту, сосын тойға шығармайын деп отырмын.

Өзім тойда жүрмін. Қазақ болған соң тойсыз болмаймыз. Ағайындарымыз шақыруы мүмкін, ондай жерлерге барамыз, әрине.

Бірақ тек қана той іздеп, ойнақы әндер айту ниетіміз емес. Таза өнерге қосқан үлесіміз болсын деп жақсы-жақсы әндер таңдап жатырмыз", - дейді Абай Бегей.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегейдің әндерін біздің қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773000-tydamajmyn-abaj-begejdi-kyzy-kesini-nderin-bilmejtin-bolyp-sykty/

pixel