Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миллион теңгені иесіне қайтарған ақтөбелік жігіттер алғысқа бөленді (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде такси қызметінде жүрген екі жігіт көліктерінен бір бума ақша тауып алған. 55 дана 20 мыңдықтарды санап шыққан екі жігіт қомақты олжаны полицияға табыстаған деп хабарлайды NUR.KZ.

NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Оқиғанын қалай болғанын баяндаған жігіттерді бірі тұрғынның Indriver арқылы кафеден такси шақырғанын айтады.

"Баратын жеріне дейін жеткізіп тастадық. Содан кейін машинаға адам отырған жоқ. Артқы орындықта жасыл резинкамен қыстырылған 20 мыңдықтар жатты. Жалпы сомасы бір миллион бір жүз мың теңге екен. Ақшаны санап, полицияда иесіне тапсырдық", - дейді Дарын Ембергенов.
NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Дарын алты айдан бері күзет қызметінде жұмыс істейді. Ал сол күні такси болып қызмет ететін досының қасында отырған.

Көліктің иесі де ақшаны көргенде шошып қалғанын жасырған жоқ.

NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original
"Жұма күні түнде болды. Артта бума ақша жатты. Басында түсінген жоқпыз. Қорықтық. Ойланбастан полицияға апардық", - дейді Аслан Нәби.

Бүгін екі жігітті ерлігі үшін облыстық ІІД-нің басшысы алғыс хатпен марапаттады.

NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773057-million-tegeni-iesine-kajtargan-aktbelik-zigitter-algyska-blendi-foto/

pixel