RU
"Өзім боянып алдым": Ақбота Керімбекова ең алғашқы клипін қалай түсірген?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Өзім боянып алдым": Ақбота Керімбекова ең алғашқы клипін қалай түсірген?

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Ақбота Керімбекова NURTV.KZ-тің "Клип Show" атты жаңадан ашылған бағдарламасына келіп, өзінің алғашқы клипін қалай түсіргенін еске алды. Әнші "Бегімайдың жыры" атты клипіндегі қисық қиылғанын шашын айтып, өткеніне күліп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бұл кезде қуанышымда шек жоқ. Ең алғашқы бейнебаяным болғасын, қалай түсіріліп жатқанына да мән бермегенмін. Бұл жерде еш жасандылық жоқ. Осы бейнебаянды кешке дейін түсірдік. Сол кезде телеарналар да бейнебаян сұрап жатқан уақыт болатын. Шашым қисық, қысқа. Өзім көліктің ішінде отырып боянып алғанмын", - деп күлді Ақбота Керімбекова.

Сонымен қатар әнші 2002 жылы түсірген "Бегімайдың жыры" атты бейнебаянының тарихын айтып берді.

"Бегімай мен Раймалдың жыры өзі тарихта бар. Раймал - танымал ақын шал. Ал Бегімай - жас қыз. Ауыл деген кішкентай, бірден әңгіме таралып кетеді. Тіпті бұлар жайлы фильм де бар", - деді Ақбота Керімбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекованың әндерін біздің "Музыка Нұр" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel