Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова кіші келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады (фото)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова туған қызындай болып кеткен келініне жүрекжарды лебізін арнап, көпшілікті сүйсінтті. Бойжеткен Германияда демалып жатқан енесін сағынып қалғанын айтып, желідегілердің жүрегін елжіреткен деп жазады NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың анасы өзіне деген сағынышын білдірген келіні туралы Instgaram желісінде жантебірентерлік жазба қалдырды.

Жаным сол, сағынған жүрегіңнен айналдым! Көздерінде сағынышқа толы қаншама жылылық. Қызым жоқ деуші едім, ұлдарыма раxмет, қызымдай қыздарды тоғыстырған. Ол аз десем, өз қанымнан Сезім, Алау, Ақмөр қыздарым тағы бар. Алла көп көрмесін, ғұмырлы өмір берсін" , - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары жұлдызды әулеттегі ене мен келіннің қарым-қатынасына тәнті болып, оң пікірлерін қарша жаудырған.

"Керемет, барша адам қызығарлық көрініс" , "Ене мен келіннің мұндай арақатынасы біздің қоғамда өте сирек кездеседі" , "Қандай тамаша, қызыңыздай болып кеткені көрініп-ақ тұр" , "Мейірімді әрі ақкөңіл қыз екен келініңіз" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773290-glzira-ajdarbekova-kisi-kelinin-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady-foto/

pixel