Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірі бал": Бассейнде жүзіп жүрген Қайрат Нұртас жұртқа жақпай қалды (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас өзінің Instagram парақшасында Германиядағы демалысының қалай өтіп жатқанымен бөлісті. Әнші желіге рахаттанып, бассейнде жүзіп жүрген видеосын жариялаған. Алайда, әртістің бұл бейнежазбасы оқырмандарының көңілінен шықпай қалған. Олар өнер иесін мақтаншақ деп атап, оны сынап тастаған деп жазады NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың жүктеген әрбір видеосы желіде қызу талқыға түсетіні көпшілікке мәлім. Бұл жолы желі қолданушыларына әншінің демалыстағы видеосы жақпай қалған.

Аталмыш видеода хитменнің ыстық суға толы бассейнде жүзіп жүргені көрініс тауыпты.

Армансыз демалып жүрген шоу-бизнес жұлдызы видеодан бөлеке фотосын да жүктеп қойған.

Алайда Қайраттың желідегі кей оқырмандарына оның қылығы ұнамай қалған. Олар әншіні мақтаншақтығы үшін сынға алып, оған қатысты керағар пікір қалдыруда.

"Өмір бал осынікі, әйтеуір", "Кинодағыдай өмірі оның" ,"Мақтана бермеш, одан да үй-күйсіз жүргендерге көмектеспейсіз бе" , "Панасыз жүргендерге бір күндік тамақ алып берсеңіз қайтеді" , "Ішкен-жегенін шығара бересіз" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің "Музыка Нур"қосымшасынан тыңдай аласыздар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1773432-miri-bal-bassejnde-zzip-zrgen-kajrat-nrtas-zrtka-zakpaj-kaldy-video/

pixel