RU
Әйгілі Рианна туған әкесімен соттасып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Әйгілі Рианна туған әкесімен соттасып жатыр

Рассказать Вконтакте

Рианна өз кәсібін туған әкесінен қорғау үшін сотқа арыз жазды. Fenty Beauty косметикалық маркасы мен Savage, Fenty іш киімдер желісін басқаратын 30 жастағы әнші өз әкесі Рональду Фентидің Fenty атауын коммерциялық мақсатта пайдаланбауын сұрап, әкесінен материалдық шығын өтеуді талап етіп отыр деп хабарлайды Spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фотo: spletnik.ru

Фотo: spletnik.ru

Баспасөз құралдарына түскен құжаттарда Рональд Фенти таланттарды іздеу үшін Fenty Entertainment компаниясын құраған.

Әлемге әйгілі әншінің әкесі миллиондаған ақша алу үшін өзін Риананың өкілі ретінде таныстырыпты.

Сондай-ақ, ол 2017 жылдың желтоқсан айында Рианнаның келісімінсіз 15 концертін сатпақ болған.

Одан бөлек, шетелдік әнші Рональдтің Fenty тауар белгісін пайдалануды сатып алу үшін қонақүй желілерімен келіскенін айтып отыр.

Ол әкесіне Fenty тауар белгісін пайдалануға рұқсат бермейтінін айтып, бірнеше рет хат жолдапты.

Алайда қызының сөзіне мән бермеген ол Fenty Entertainment компаниясынан ақша тауып отырған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
7
1
3
0
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel