RU
Қыстағы көктем: Астанада аяқ астынан күн жылынып кетті (фото)

Қыстағы көктем: Астанада аяқ астынан күн жылынып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанада күн күрт жылынып, термометр көрсеткіштері апта бойы бар болғаны "–3" градусты көрсетіп отыр. Қаңтар айында әдетте аяз күшейетін елордада биыл қыс ерекше өтіп жатқанына тұрғындар да таң қалуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Қаңтарда қытымыр аяз күшейетін Астанада биыл күн райы өзгеше болып тұр.

Сынап бағанасы кешелі бері бар-жоғы "-3" градусты көрсетуде.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Күннің күрт жылынуы салдарынан, асфальт үстіндегі қар еріп, жол жиектерін балшық басып қалды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қаладағы қаз-қатар тізілген тұрғын-үйлердің де төбесінен де кешелі бері еріген қар суының тамшылап тұрғанын көруге болады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ал қыс ортасында ақ мамыққа оранатын шыршалар көктемдегідей жап-жасыл болып тұр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Су жаңа жылы аялдамалардың іші тіптен батпақ болып жатыр.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ауа-райының қыс ортасындағы тосын сыйына тұрғындар да таңданыс білдіруде.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Қақаған қыс ортасында көктем келді ме деп қалдық. Қар еріп, күн күрт жылынып кетті. Әдетте бұл уақытта қыс қаһарына мінуші еді. Не де болса, қыстың қыс болып тұрғаны жақсы еді, енді көктем кеш келмесе игі еді", - дейді қала тұрғындарының бірі.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel