Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та үш бала тоңазытқыштың ішінде қайтыс болды

Опубликовано:

Флорида штатының солтүстігінде үш бала мұздатқышқа кіріп, соның ішінде шыға алмай көз жұмған деп хабарлайды RTVI сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Газета.Ру
Көрнекі фото: Газета.Ру: Facebook

Оқиға Флорида штатының солтүстігінде орын алған.

Екі қыз бала мен бір ұл бала ойнап жүріп, сыртта тұрған жаңа тоңазытқышқа кірген де, қайтадан сыртқа шыға алмай қалған.

Олардың анасы мен тағы бір әйел үйге келгеннен кейін оларды іздестірген.

Кейін көшеде тұрған мұздатқыштан балалардың денесін тауыпты.

Өздері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырғанымен кішкентайлар тілге келместен қайтыс болды.

"Менің ойымша, бұл қайғылы жағдай. Олар үлкен тоңазытқышты көшеде қалдырған. Іші мүлде суық болмаған", - деді жергілікті шериф.

Сондай-ақ шериф ұл мен қыз туған бауыр болғанын, екінші қызды апасынан асырап алғанын айта кетті.

Қазіргі уақытта тергеу жүруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1773530-aks-ta-s-bala-toazytkysty-isinde-kajtys-boldy/

pixel