RU
Нұралы Қиясов: Білемін, біздерді кешіру оңай емес
Жаңалықтар Қоғам

Нұралы Қиясов: Білемін, біздерді кешіру оңай емес

Рассказать Вконтакте

Бүгін Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында күдікті Нұралы Қиясов көпшіліктен кешірім сұрады. Сот отырысында сөз сөйлеген ол болған жайттар үшін қатты өкінетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұралы Қиясов. Фото: Вконтакте

Нұралы Қиясов. Фото: Вконтакте

"Қорғаушыммен толықтай келісемін. Болған жайттар үшін қатты өкінемін. Білемін, біздерді кешіру оңай емес! Бірақ, сонда да барлығынан кешірім сұраймын. Тек қорғаушымның айтқан сөздерімен келісемін. Басқа айтарым жоқ", - деді Қиясов.

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында марқұмның анасы Оксана Тен тергеу амалдарына қанағаттанбай, сотқа шағым түсіріп, тергеуді қайта жандандыруды талап етті.

Оксана Теннің адвокаты Денистің өліміне күдікті Толыбаева екі жігітке нұсқау беріп отырғанын айтып, күдікті келіншекке жазаны ауырлатуды сұраған.

Сондай-ақ, бүгінгі жарыссөзде прокурор Қуандық Досов спортшының өліміне күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденгенін алға тартып, Қиясов пен Құдайбергеновты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel