Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана таң атысымен қалың тұманның құрсауында қалды (фото)

Опубликовано:

Бүгін Астананы таңнан бері ештеңе көрінбейтін көк тұман басып қалды. Көшелерде ұзын-сонар кептеліс пайда болып, қала тұрғындарының далада жүріп-тұруы қиындай түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Күні кеше ғана Астанада күн күрт жылынып, тұрғындарды таң қалдырған еді. Ал бүгін Астана таң атысымен қалың тұманның құрсауында қалды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Көк тұманның қою болғаны соншалық, биік үйлердің жоғарғы қабаттары мен көшедегі бағдаршамдар да көрінбейді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Қала көшелерінде ұзын-сонар кептеліс пайда болды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Ал кеше ғана балшықтың астында қалған жол жиектері бүгін қайта ақ қардың астында қалды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Күннің бір жылып, бір суығанынан асфальт бетіне мұз қатқан. Коммуналдық қызмет мамандары кешелі бері көшедегі мұзды ойып әлек.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook
"Күннің бір суып, бір жылығанынан осылай тұман болып отыр. Өкініштісі, күн де шықпай тұр. Күн бұлтты, сол себепті осылай 3 метр жер де көрінбей тұр" ,- дейді қала тұрғындарының бірі.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773656-astana-ta-atysymen-kaly-tmanny-krsauynda-kaldy-foto/

pixel