Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Томирис Байсафаның анасы Путинге хат жазды

Опубликовано:

Мәскеудегі танымал университеттің жоғарғы қабатынан құлап, көз жұмған Томирис Байсафаның анасы тергеу ісіне көңілі толмай, Ресей президентіне хат жазған деп хабарлайды КТК арнасы.

Томирис Байсафа, фото: әлеуметтік желі
Томирис Байсафа, фото: әлеуметтік желі: Facebook

Жанна Ахметова сағызша созылған тергеу ісіне көңілі толмай отырғанын, "кінәлілер жазадан құтылып кетеді ме" деп алаңдайтынын айтады.

"Жаңа сараптама тағайындалды. Қазір жаңа куәгерлерден жауап алынуда. Олар университеттің студенттері мен оқытушылары. Тергеу ақпанға дейін созылады.
Тағы да созылуы ықтимал. Ауқымды тергеу жұмысы атқарылды айта алмаймын. Ресейдің бас прокуратурасы істі бақылауға алдық деп жауап жазған еді. Тергеуде полиграф құрылғысын қолдануға рұқсат берілді", - деді Жанна Ахметова.

Томирис Байсафаның анасының айтуынша, ендігі үміті полиграф құрылғысында екен.

Ресейлік тергеушілер қайғылы жағдай орын алған күні Томиристің жанында болған Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы Мұртазалы Меджитовты осы детектор көмегімен тексеріп жатқан көрінед.

Оның жақын достарынан да полиграф арқылы жауап алынатын айтты.

Еске сала кетсек, өткен жылдың сәуір айында Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатындағы аудиториясынан отандасымыз Томирис Байсафа құлап кеткен еді.

Сол уақыттан бері қылмыстық бап та, тергеушілер де сан мәрте ауысты. Ақыры "Өлімге итермеледі" деген бап бойынша іс қозғағандар күдіктіні әлі таппай жатыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1773825-tomiris-bajsafany-anasy-putinge-hat-zazdy/

pixel