RU
Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовке қалай тұрмысқа шыққанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовке қалай тұрмысқа шыққанын айтты

Рассказать Вконтакте

Асанәлі Әшімовтің өзінен 33 жас кіші әйелі Бағдат Әшімова халық әртісіне неліктен тұрмысқа шығуға шешім қабылдағанын айтты. Актермен ауруханада танысқан жұбайы "Қазақстан" арнасының "Тұлға" бағдарламасында көзіне жас алды деп жазады NUR.KZ.

Асанәлі Әшімов отбасымен. Фото:ritmeurasia.org

Асанәлі Әшімов отбасымен. Фото:ritmeurasia.org

"Есімде, су алып шығайын деп төменге түсіп кеткенмін. Мен көтеріліп келе жатқанда, кереуеттің ернеуін ұрып, "Әттең, балаларым! Мені неге жалғыз тастап кеттіңдер" деген дауысты естідім. Сол сәттен бастап, мен өзіме "Бір минут жалғыз қалдырмауға" серт еттім.
Әрине, жүректегі жара жазылмайды ғой. Бірақ, сол жараның ашылып кетпеуі үшін қызмет етемін", - деп көзіне жас алды Бағдат Әшімова.

Отбасының үш бірдей мүшесінен айырылған Асанәлі Әшімов 2002 жылы ауруханаға түскен. Осы уақытта актер қазіргі жарын кездестірген.

"Сонда қатты толғаныстың үстінде "Әттең, алаштың азаматы, елдің еркесінің басына осы ауыртпалықтың түскенін-ай! Бір бала жанында болғанында ғой. Менің қолымнан келсе, "осы кісіні бақытты етер едім" деп өзімше қиялдадым", - дейді Әшімовтің жары.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов пен Бағдат ханымның бүгінде 11 жастан асқан ұлы бар. Актердің ұлының есімі де -Асанәлі.

Сіздің реакцияңыз
12
1
1
1
3
33
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel