RU

Мандаринді кімдерге жеуге болмайды?

Әлемде мандаринді жақсы көрмейтін адам кемде-кем шығар. Алайда осы жемісті кей адамдарға жеуге болмайды екен. Мандаринді артық қолданған жағдайда не болатыны жайлы "Аргументы и факты" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото:menslife.com
Фото:menslife.com: Instagram

Мандариннің құрамында пайдалы дәрумендер көп болғанымен, кей адамға ол зиянын да тигізеді.

Бұл жемісті әсіресе қант диабеті мен аллергиясы барларға жеуге болмайды.

Сондай-ақ асқазан ауруы бар адамдар да бұл жемістен аулақ жүргені жөн. Себебі мандарин бойында кездесетін қышқыл ауруды асқындырып жібереді.

Мамандар тіпті кішкентай балалардың өзіне күніне бір мандариннен артық жемеу керек екенін айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774084-mandarindi-kimderge-zeuge-bolmajdy.html