RU
Аяғы ауыр Замира мейрамханада ұрыс шығарып, ұятқа қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аяғы ауыр Замира мейрамханада ұрыс шығарып, ұятқа қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Қалаулым" бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Замира Сұлтан мейрамханада ұрыс шығарып, даяшы қызды балағаттап тастады. Ол өзінің үстіне ыстық шай құйып алған бойжеткенді елдің көзінше аяусыз сөгіп тастаған деп жазады NUR.KZ.

Instagram желісіне тарап кеткен видеода Замира Сұлтан ашуға булығып, даяшы қызға бейәдеп сөздер жаудырып жатқаны көрініс табады.

"Қалаулымның" бұрынғы қатысушысы бойжеткенге үстіне шай құйып жібергені үшін ызаланған.

Мейрамханада жанжал шығарған атышулы әйелді сүйіктісі ұстап тұрды. Ол болмағанда, Замира даяшыны соққыға жықпақ ойы болған.

"Аяғымды күйдірдіңдер ғой. Кешіріңдер несі? Мына көйлек қанша тұратынын білесің ба? Жедел жәрдем шақыр! Басшыларыңды шақыр. Кіммен сөйлесіп тұрғандарыңды білесіңдер ма өзі? " , - деп айқайға салды Замира.

Аталмыш видео желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік атышулы келіншектің қылығын сынға алып, оған қатысты керағар пікірлерді жаудыра түскен.

"Емделу керек бұл кісіге. Ұят", "Күйеуі түк айта алмай ма? Сөзі өтпей ма?" , "Қазақ қызы деп айтуға аузың бармайды" , "Шу шығармаса жүре алмайды" , "Әдептіліктен жұрдай, аулақ құрысын", "Тәрбие мен ар-ұяттан жұрдай" , - деп жазуда желідегілер.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Оқиғадан кейін орын алған жағдай жөнінде өз парақшасында жазба қалдырған Замира жүкті екенін айтып қойды.

Сіздің реакцияңыз
84
2
8
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel