RU
3000 доллар: Қуандық Рахым бір тойдан қанша ақша алатынын жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

3000 доллар: Қуандық Рахым бір тойдан қанша ақша алатынын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Отандық жас әнші Қуандық Рахым бір тойдан 3000 доллар табатынын жасырмады. Қыздардың жүрегін жаулаған сахна серісі бұл туралы "Сырласу" бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әр әні хитаке айналған Қуандық Рахым өз гонорарын жасырмай айтқан әншілердің бірі болды.

"Гонорарым 3000 доллар. Бір тойда 8-10 ән айтамыз. Жазда, күзде той көп. Аптасына бес күн тойда жүретін кездер болады. Қыста айына үш-төрт той ғана шығады", -деді ол.

Сондай-ақ, талай қыздың жүрегін жаулаған хитмен әр өңірден мінген тұлпарлары да бар екенін алға тартты.

"Қазір санап отырсам, бір үйір жылқым бар екен. Әр өңірден сыйлаған. Кейде атағаннан кейін де хабарласады.
Мысалы, атағандарына жарты жыл, бір жыл өтіп кеткен кездер болады. Солар өздері хабарласып, "Айналайын, Қуандық. Біз атағанбыз, ұмытқан жоқпыз. Қашан келсең де, қашан сұрасаң да, біз жіберуге немесе сойып беруге, атыңды мінгізіп жіберуге дайынбыз" дейді. Соғыммен мәселе туындамайды", - деп толықтырды сөзін Қуандық Рахым.
Сіздің реакцияңыз
5
0
7
0
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel