Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы: Елімізде күн жылынып, жауын-шашын болады

Опубликовано:

Елімізде алдағы үш тәулікте ауа райы жылы болып, жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы РМК "Қазгидрометтің" баспсөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: gorny-club.kz
Көрнекі фото: gorny-club.kz: Facebook

Синоптиктер Қазақстанда қаңтар айының 22-24 аралығында ауа температурасының көтерілуін болжайды.

Бұл осы кезеңдегі климаттық нормадан асып түседі.

Еліміздің кейбің өңірлерінде жауын-шашын болады деп күтілуде.

Республикамыздың оңтүстігінде жабысқақ қар жауып, ал солтүстігінде бұрқасын болып, екпінді жел соғады.

Мамандардың айтуынша, бүгін Түркістан облысында қатты жел болуы ықтимал.

Сондай-ақ, ертең 22 қаңтарда аталған аймақта тұман түсіп, шығыстан күші 15-20 м/с жел болатынын айтты. 

Бұдан бөлек, синоптиктер 22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында және Оралда бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жететінін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774326-aua-rajy-elimizde-kn-zylynyp-zauyn-sasyn-bolady/

pixel