RU
Владислав Челах құқығы бұзылғанын айтып, 30 млн теңге өтемақы талап етті
Жаңалықтар Қоғам

Владислав Челах құқығы бұзылғанын айтып, 30 млн теңге өтемақы талап етті

Рассказать Вконтакте

Жоғарғы сотқа ісін қайта қарау үшін арыз түсірген Владислав Челах өзіне келтірілген нұқсанды өтеу мен үкімді жоққа шығару үшін 30 миллион теңге өтемақы талап етіп отыр. Бұл туралы бүгінгі сот отырысында өмір бойына сотталған азаматтың қорғаушысы Гүлмира Шалдықова мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото : wordpress.com

Фото : wordpress.com

"2017 жылдың жетінші қарашасында БҰҰ комитеті Қазақстан Республикасында сотталған Владислав Челахқа қатысты азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактының 14-ші бабы бұзылғаны жөнінде шешім шығарды.
Өз шешімінде БҰҰ комитеті қатысушы-мемлекет Владислав Челахқа құқықтық қорғаудың белсенді түрін ұсынуға міндетті екенін ескерте кетті.
Бұл дегеніміз, қатысушы-мемлекет, яғни Қазақстан құқығы бұзылған азаматқа өтемақы төлеуге тиіс екенін білдіреді , - дейді қорғаушы.

Оған қоса, Гүлмира Шадықова Челахтың сотқа қойған талабын да оқып берді.

"Челах Жоғарғы соттан 2012 жылдың 11-ші желтоқсанында шығарылған қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін жоққа шығаруды сұрап отыр.
Оған қоса, ол қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберіп, құқық бұзушылық арқалы алынған құжаттарды істен алып тастауды сұрауда.
Сондай-ақ, сотталған Владислав Челахқа құқығы бұзылғаны үшін 30 миллион көлемінде өтемақы төлеулеріңізді сұраймын" , - деді адвокат.

Сонымен қатар, Гүлмира Шадықова Челах өздігінен қорғаушы таңдап, онымен сотқа дайындалуға рұқсат беруді сұрап отырғанын жеткізді. Ол өзіне қатысты істің барлық 60 томын зерттеп шықпақ.

Айта кетейік, Владислав Челах БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті шығарған үкім заңды күшіне енген соң Жоғарғы сотқа өтініш түсірген еді.

Алайда Жоғарғы сот Владислав Челахқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бұл сотталған азаматқа үкімнің күшін жоюдан, қосымша тергеу жүргізуден, сондай-ақ бұзылған құқықтары үшін 30 млн теңге көлемінде өтемақы беруден бас тартқанын білдіреді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
5
1
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel