RU

Алматы - алмалы жер (фото)

Біздің қаламыз өзінің негізі қалануынан бері Алматы аталуы тегін емес, яғни алмалы жер. Бау-бақша технигі С. Иванов өзінің 1916 ж. жазған "Алматы" мақаласында "Алматы-қырғыз сөзі және орыс тіліне аударғанда "алмалы жер" деген мағынаны білдіреді".

Бұл атаумен Верный қаласы аумағын атаған, өйткені жергілікті жерлер жабайы алманың таралуымен өзгешеленді. Мұнда кең көлемді жасанды бақшалар жинақталғандай. Көпшілік оңтүстік астана – Алматыны (орысша транскрипциясында) апортпен байланыстырады.Алайда біздің қаламыздың атына апорт емес, жабайы алма негіз болғанын айта кетуіміз қажет. Белгілі Жетісулық өлкетанушы И.Л. Брызгаловтың, академик Н.И. Вавиловтың 1928 ж. Алматыға келіп, және кіші Алматы өзенінің бойында өскен алмаларды көріп, басқа еш жерде мұншама мол жабайы алмалардың түрлерін көрмегенің және мүмкін бұл жер шынымен нағыз мәдени алманың отаны шығар деп айтқанына куә болған.

Кең таралған Жетісу тауларының асуларыда жабайы алманың, алмұрт, шие, өріктің тамыр жайуы мәдени жемістердің өсіп-өнуіне, алыс жолға алып жүруге шыдамды, қоймаларда сақтауға болатын түрлері өсірілді. Сонымен қатар ресей нарығына да шыққан өндірістік түрлері атап айтқанда пармен золотой, кандиль синап, бельфлер желтый, кальвиль красный, ранеты Ландсберга, Обердика, орлеанский және тағы басқалары. Алайда біздің бақшаларымыздың мақтанышы және көркі апорт болып қала бермек.

Ол Жетісудың эмблемасы болды.

Оны патша-алма, алмалардың әкесі деп әділ айтылған. "Апорт" әлемдік жеміс шаруашылығында бір ғана оңжылдықта белгілі болған жоқ. Оның Қазақстанның оңтүстік Шығысында пайда болуының қызықты тарихы бар. 1865 жылы жер аударылып келген Егор Васильевич Редько Воронеж губерниясы Острогожский уезінен Верный қаласына апорттың бірнеше түрін алып келді. Бұл апорттың түрі жергілікті жердің алмасынан айырмашылығы жоқ еді, тек өзінің көлемі жағынан, дәмі мен түсін өзгертіп бұл жерге бейімделіп кетті. 1914 жылы бау-бақшалық аға инспектор С. Перковский былай деген еді: "Жергілікті жердің басшылықтарымен жемістердің түрлерін аклиматизациялаумен айналысты.

Верный қаласымен оның аумағында табиғаттың берген қолайлы жағдайы апорт пен алмұрттың керемет түрлері осы Верный бақшаларының негізгілері еді. Воронеждық шаруа Редько өз отанынан апорттың бірнеше түрлерін алып келді. Бұл алмалар оның бақшасында өсіп, кейіннен генерал Колпаковскийдің бұйрығымен Редьковский алмасы деп өзгертілген (бірақ бұл атау сақталынбады). Ол Верный қаласының атағын шығарған еді".XX ғасыр басында Верный шаруашылығы тек Сібірде ғана емес Ресейдің орталық бөлігінде де белгілі бола бастады. Ал ең алғаш астаналық саудада апорт жемісі келгенен бастап-ақ бірінші орынға шықты.1900 жылдың өзінде Алматының апорт алмасы Париждегі әлемдік көрмеге шығарылды және де мамандардан жоғарғы баға алды. 1909 ж. Жетісу губерниясының бақшалары 3770 шаршы мекенді алып жатты оның ішінде Верный уезіне 2817 шаршы жер тиесілі еді. Бақшаларда алмалардың өзіндік мәдениеті қалыптасып, ал алма түрлерінен апорт сұрыпталды. Верный басшылықтары апорттың сұрыпталуына көп көңіл бөлді. Верный бақшалары училищесі аудандық бөлікке бөлінумен айналысса, кейіңірек жеке жеміс питомнигін Верныйда Н.Т. Моисеев ашқан болатын.1908 ж. Германияда Мангейм жеміс жидек көрмесінде Верный бақша училищесімен шығарып үлкен қошеметке ие болды. Өзінің сыртқы түрімен, ерекше дәмінің болуы, жолда алып жүруге қолайлы болуы Жетісу өңірінде алдынғы қатардан көрінді. Оны Сібір жеріне 700 ден астам шақырым жерлерге және оңтүстік темір жолдар арқылы станцияларға, пошта арқылы жіберіп, кейбірі батыс Қытайға дейін тасып отырған.

Жетісулық бақшаларды марапаттау мақсатында Верный қаласында көрмелер ұйымдастырылды.

Осылай 1902 ж. Жетісу облысына барлық уездерден экспонаттар әкелінді. Бір ғана алманың өзінен 39 түрі қойылды. Осындай көрмелердің бірінде 1905 ж. Алманың 64 түрі шығарылды. Мұнда да ең керемет деп апорт тандалып, жоғары марапатқа ие болды. Генерал П.И. Краснов өзінің 1910 ж. "Кинематограф" очеркінде бұл алма жөнінде былай суреттеген: "Ресейде бейне бір жиналған тастай үйілген, ірі кесектей, баланың басындай көлемде еді, 2 фунт салмағы бар. Олар бүкіл аумақты өзінің жағымды исімен таныттырған. Оның бағасы 8 жүздік тиын еді. Мұнда Верныйлық алмұрттар да Калифорниялық алмұрттардан кем түспейтін еді".

Бүгінгі күнде апорттардың сапасы ғана емес, сондай-ақ тіпті қалада алма бақтары азайып барады

Бүгінгі күнде апорттардың сапасы ғана емес, сондай-ақ тіпті қалада алма бақтары азайып барады. Өлкетанушы В.Проскуриннің айтқанындай бақшалы-қала, 60-шы жылдары жасыл желекке оранған қала еді. Алайда мамандардың айтуынша өткен бақшалы-қаламыздың орнын қайта қалпына келтіруге болатының айтады және де болашақта Алматы алмалы жер болатына сенімдіміз. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/177443-almaty-almaly-zher-foto.html