RU
23 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

23 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін келісімшарттарға қол қоюға, өмірге айтарлықтай өзгерістер енгізуге болмайды. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 23-ші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

vesti-ua.net

Көрнекі фото: vesti-ua.net

1. Тоқты

Бүгін басқаларды мұқият тыңдау керек. Сонда адамдардың өзіңіз жайлы не ойлайтынын білесіз. Елдің айтқан сөздерін ой сарасынан өткізіңіз. Біреудің сөзін тыңдауға болмайды десе де, кейде пайдалы нәрселерді біліп қалуға болады.

2. Торпақ

Тәкәппарлығыңыз күнді тыныш, жүйелі түрде өткізуге кедергі болады. Бүгін қырсық мінезіңізді ысырып қойып, басқалардың пікірлеріне құлақ асқан жөн.

3. Егіздер

Бүгін адамдарға не істесеңіз, сол өзіңізге қайтып келіп отырады. Бұл сізге ұнамауы мүмкін. Сондықтан басқалармен ренжіспеу үшін тек өз шаруаларыңызбен айналысыңыз.

4. Шаян

Бүгінгі күн көптеген жағымсыз тосынсыйлар әкелуі мүмкін. Сондықтан күнді алдын ала жоспарлап алған жөн. Осы бір қолайсыздықтарға толы күнді сәтті өткізу үшін өзіңізге жайлы орын табыңыз.

5. Арыстан

Бүгін жұмысқа және басқалармен араласуға бар күшіңізді сарп етпеңіз. Жеке және отбасылық өміріңізге мән берген жөн. Осы өміріңізге қанағат етуге болады, дегенмен айнаға қарап, жан дүниеңіздің не қалап тұрғанын түсінген артық болмайды.

6. Бикеш

Бүгін өзіңізді жайлы сезінетін жерге барғаныңыз дұрыс. Сіз қиялдауды көп ұнатпайсыз, дегенмен бүгін әлем сізге өзгеше болып көрінеді. Бірақ кешке қайтадан қалыпты күйіңізге түсесіз.

7. Таразы

Сіз үшін бүгінгі күн екіжақты болады. Бір жағынан жалған, қитұрқы әрекеттер орын алуы мүмкін. Ешкіммен жанжалдаспай, мәселелер көтермеуге тырысыңыз. Кешке ертерек жатып демалыңыз. Ал жанжалға аралассаңыз, сіз жайлы өсек тарап, салдары сізге ұзақ уақыт кедергі келтіреді.

8. Сарышаян

Мұндай қолайсыз күндері көңіл-күй бажыраңқы тартып, әртүрлі күмәндар пайда болады. Өзіңізді қобалжытқан мәселелердің энергиясын жақсы сезіне білесіз, сондықтан күн сәтті өтуі де ықтимал.

9. Мерген

Бүгін сізге қатер төнуі мүмкін. Сондықтан мүмкіндік болса, мүлде үйден шықпаған жөн. Тек істеуге тиісті істермен ғана айналысыңыз.

10. Тауешкі

Бүгін қиялыңызға ерік беруге болады. Маңызды шаруалармен айналыспаған жөн. Жоспар құрудың мүлде қажеті жоқ. Бірақ қалауыңызша армандауға болады, себебі бүгінгі армандар орындалуы әбден мүмкін.

11. Суқұйғыш

Бүгін шығармашылықпен айналысасыз, күніңіз жемісті өтеді. Әсіресе негізгі мамандығы шығармашылықпен байланысты тұлғалардың күні ерекше сәтті болады. Бірақ өнерден алшақ болсаңыз, бұл күн сіз үшін жайсыз болады. Уайымдамаңыз, бірнеше күннен кейін бәрі орнына келеді.

12. Балықтар

Бүгін адамдарға сенбесеңіз күн сәтті өтеді. Өзіңізге қатысты айтылған сынды қабылдай біліңіз. Қиындықтарды асыра сілтегенді қойыңыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel