RU
Экстрасенс: Димаштың есімі бес рет күллі әлемге танылатын болады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Экстрасенс: Димаштың есімі бес рет күллі әлемге танылатын болады

Рассказать Вконтакте

Белгілі экстрасенс Әлия Сәлімова Димаш Құдайбергеннің өнер әлемінде жарқын болашақ күтіп тұрғандығын айтты. Экстрасенстің айтуынша, Димаш қандай қиындық кездессе де, оны жеңіп, бұрынғыдан да танымал болады түседі екен деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Битва экстрасенсов" жобасының қатысушысы Әлия Сәлімова Димаш Құдайбергеннің балалық шағы жайлы да айтып берді.

"Кішкентайында нәзік, әлжуаз болған. Тамағы жиі ауырған сияқты. Сосын шығармашылығында да тұралап қалған кезеңдер болады. Бірақ бастысы туған елі, халқы үнемі ол үшін дұға етуі керек. Себебі қиындықтар болатынын көріп тұрмын. Десе де ол "орнынан тұрып", қайта өзін дәлелдейді.
Сосын оның көңілінде әлі күнге дейін көпке деген бір реніші бар.

Себебі оны алғашында көпшілік мойындамағанға ұқсайды. Ол сол себепті өзін қалай да мойындатамын деп, аянбай тер төккен. Сөйтіп өнердің биігінен көрінген. Үш деген санды көріп тұрмын, бәлкім үш жылдан кейін болар, өнердегі шығармашылық жолы сәл бәсеңдейді", - дейді экстрасенс.

Сонымен бірге Әлия Сәлімова әншінің алдағы уақытта қандай да бір оқиғаға қатты уайымдайтынын болжады.

"Ол соны жүрегімен қабылдап, кеудесіне жинай беретін болады. Бірақ қорқатын ештеңесі жоқ, онда бәрі жақсы болады. Мүмкін Алланың өзі жіберетін қандай да бір сынағы шығар. Бастысы сол қиындықты еңсеріп, қазіргіден де биік белеске шығатындығы болып отыр.

Тіпті оның есімі АҚШ-тағы "Жұлдыздар аллеясына" да жазылатын болады.

Ол әлі бүкіл әлемді өзіне қарататын болады және бір рет емес, қатарынан бірнеше рет өзін мойындатады. Менің болжамым бойынша бес рет күллі әлемге есімі танылатын болады.
Қысқасы ештеңеге алаңдамай, жүйкесін тоздыра бермесін. Егер қандай да бір қиындықтар орын алып жатса да , ол оларды жеңеді. Жай жеңіп қана қоймайды, бүкіл әлемге танылып, дүниежүзін өзіне қарататын болады", - деді экстрасенс.
Сіздің реакцияңыз
4
4
0
1
1
55
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel