RU
Моңғолиядан келген бүркішті қыз Астананың суығы жолда қалатынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Моңғолиядан келген бүркішті қыз Астананың суығы жолда қалатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Күллі әлемге аты шыққан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Астанада мүлде тоңбайтынын, Моңғолияда одан да қатты аяз болатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Моңғолиядан келген бүркішті қыз Астананың суығы жолда қалатынын меңзеді

Айшолпан Нұрғайыпқызы. Фото: nur.kz

Айшолпан Астана қаласының өзіне ерекше ұнайтынын жасырмай, Атамекенінде оқып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

"Күн салқын болғанымен адамдарының жүзі жылы. Мен келген Моңғолияда аяз Астанадан да қатты", - деді ол.

Сонымен бірге, Айшолпанға Қазақстан тарапынан қандай жағдай жасалып жатқаны да белгілі болды.

Білім инновация лицейлеріне қарасты Spectrum мектебінде білім алып жатқан Айшоланның сабақ үлгерімі де жақсы болып шықты.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісінің сауалына Білім Орда қорының президенті Дарханбек Қожабеков жауап берді.

"Айшолпан бүгінде халықаралық Кембридж стандарты бойынша білім алып жатыр. Бүгінде ағылшын тілін игеруге күш салып жатырмыз.
Көп ел аралағанының пайдасы, тіл үйренуге икемі бар. Англияның Кембридж бағдарламасы бойынша барлық пәнді алдағы уақытта тек ағылшын тілінде оқитын болады", - деді қор президенті.

Бүркітші қыз мектептен тыс уақытта қоғамдық шараларға қатысып, қосымша дәрістер алады. Арасында журналистерге сұхбат беріп те үлгеріп жүр.

Бүгінде ол оқу орны жанындағы жатақханада тұрады.

"Айшолпан 18 жасқа толмағандықтан қасында тәрбиешісі бар. Үнемі көмектесіп жүреді. Қыз балалар жатақханасында тұрады.

Біздегі жатақханалар анау-мынау отельден кем емес. Жалпы, оқу орнында білім алып жатқандардың 35 пайызы шетелдіктер.

Педагогтар құрамының жартысына жуығы шетелдік мамандар. Бұл мектептегі жылдық оқу ақысы 20 мың доллар шамасында.
Айшолпан грантта оқып жатыр. Стипендия алады. Болашақта Американың, Еуропаның оқу орындарына түсуіне мүмкіндік жасаймыз", - дейді Дарханбек Қожабеков.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel