RU
Ақтөбеде жаңа туған сәбидің жүрегіне ота жасалды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жаңа туған сәбидің жүрегіне ота жасалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбенің Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылында 4 қаңтар күні туабітті жүрек ақауымен Хамза есімді сәби туған. Дәрігерлер телемедицина арқылы байланысып, нәрестенің еміне кеңес берген деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: podrobnosti.ua

Көрнекі фото: podrobnosti.ua

Артынша облыс орталығына жеткізілген сәбиге ота жасалған.

"Сәби Ақтөбе медициналық орталығының балалар стационары, кардиореанимациялық бөлімшесіне орналастырылды. Қосымша тексеру жүргізіліп, балаға "өкпе артериясы клапанының атрезиясы" диагнозы қойылды. Сырқат салдарынан оттегі жетпей, баланың терісі көгеріп кеткен.
Күрделі ота кезінде қан айналымын бірқалыпқа түсіру үшін жасанды аппарат орнатылды. Ота сәтті аяқталып, сәби сауығып келе жатыр. Дәрі-дәрмек жеткілікті, шақалақ дәрігерлердің үздіксіз бақылауында.
Қазір науқас сәби табиғи жолмен тыныс алып жатыр. Бала ұзақ емделеді әрі жүрек трансплантациясы қажет", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel