Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ауыл тұрғындары өлексесі бар арық суын ішуге мәжбүр

Опубликовано:

Түркістан облысы Келес ауданындағы Ынтымақ елдімекенінің тұрғындары әлі күнге арық суын ішіп келеді. Күнделікті қолданатын суынан мал мен иттің өлексесін табатын ауылдықтар өз жағдайларын ашына айтты деп жазады elitar.kz.

Фото: elitar.kz және видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ
Фото: elitar.kz және видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Арықтың суы болған соң, бұл суда әрнәрсе өліп қалады. Таза су жоқ. Жазда бұл су лай болады.

Бұл суға адам да шомылады. Бұл суда ит те, мал да өледі.

Мына есігімнің алдынан ағады. Сумен бәрнәрсе ағып келеді. Әйтеуір осы суды амалдап ішеміз", - деді Ынтымақ елдімекенінің тұрғыны Жұмагүл Усманова.

Ал ауыл биі Әбдіәкім Аманов арық суын ішкелі қолынан дәрі тастамайтынын айтады.

"Құдық жоқ емес, бар. Құдайға шүкір. Бірақ ауылдың арасы шалғай. Біреуі 1 км болса, екіншісі 5 км жерден келіп су алып кетудің өзі қиын. Оны тасуға біреудің көлігі жоқ!

Жарығымыздың түрі мынау. Екі сыммен елу үй жалғанған.

Кешке қарай адамдар балаларының басын сипап жүріп, "мынау пәленше, мынау түгенше екен" деп ажыратып алады", - дейді ауыл биі.

Шамамен 3 мыңға жуық тұрғыны бар ауыл тұрғындары өздерінің зарына ешкімнің құлақ аспайтынын жеткізді.

Олардың айтуынша, талай есікті қағып, арыз айтқандарды "бәлеқор, жазғыш" деп айыптайды екен.

"Бізге ешкім келмейді ғой. Халықтаң "Жағдайың қалай" деп ешкім хабар алмайды. Халыққа қамқор боп жүгіріп жатырмыз ғой. Сол үшін бізді "Бәлеқор, жазғыш" дейді. Сондай атаққа ілініп жатырмыз. Бірақ біз өзіміз үшін емес, бүкіл халықтың қамын ойлап отырмыз", - деді мазасы қашқан тұрғындар.

Ал билік өкілдері ашынған халықтың жағдайынан хабардар екенін жеткізді. Ауыл округінің әкімі түйткілді мәселені шешуге қазына қаржысы қолбайлау болып келгенін жасырмады.

"Бұрын Сарыағаш кезінде кем-кетік болды. Оны мойындаймын. "Істейміз" деп келдік. Енді істелініп жатыр. Осы уақытқа дейін ондай жұмыс болмаған.

Кеше 2018-де басталды. Құдай қаласа 2019-да шешімін табады деп күтіп отырмыз. Қаржы табылса, оны биыл-ақ бітіріп тастауым мүмкін", - деп ағынан жарылды Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Бақтияр Кенжебеков.

Айта кетейік, бұл ауылда қалтасы көтеретіндер құдық басынан фильтрленген таза ауыз судың литрін 2 теңгеден сатып алады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775025-trkistan-oblysynda-auyl-trgyndary-leksesi-bar-aryk-suyn-isuge-mzbr/

pixel