Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көліктің астына түспек болған азаматты полиция ұстады (видео)

Опубликовано:

Алматыда жолға шығып, көліктің астына түсуге ұмтылған азаматтың түсініксіз әрекеті видеоға жазылып қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Оқиға 27 қаңтар күні орын алған.

Көліктің астына түсуге тырысқан ер адамның әрекеті көліктің бейнетіркеуішіне жазылып қалыпты.

Видеодан жолдың ортасында тұрған азаматтың көліктің жақындауын күтіп тұрғанын байқауға болады.

Ол өзінің ойын іске асырып, көліктің астына түсуге ұмтылған.

Кадрдан жүргізушінің транспортты дер кезінде тоқтатқанын да байқауға болады.

Ешқандай соққы алмаған ер адам жолдың ортасында патрульдік полиция экипажы келгенше жатқан.

Алматы қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, жедел бақылау ортылығына 7.31-де Түріксіб ауданындағы Кассина көшесінде азамат көліктің астына түсуге ұмтылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына "Боран" 288 экипажы жетіпті.

Олар көлік жүргізушісі мен көліктің астына түсуге ұмтылған азаматты аудандық ішкі істер бөліміне алып кеткен.

Күдікті ер адамның үстінен қоғамдық орында ішіп алып жүргені үшін хаттама толтырылды.

Бұл оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері жүргізушіге ешқандай кінә артпаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1775409-almatyda-klikti-astyna-tspek-bolgan-azamatty-policia-stady-video/

pixel