RU
13 жасында тұрмыс құрып, 12 бала туған шымкенттік әйелдің жағдайы жұртты шошытты

13 жасында тұрмыс құрып, 12 бала туған шымкенттік әйелдің жағдайы жұртты шошытты

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік келіншек туыстарының ықпалымен 13 жасында күйеуге шығып, 14 жасында тұңғышын өмірге алып келген. 34 жасында 12 баланың анасы атанып үлгерген Айсұлу Жәлелқызы қазіргі таңда ішерге ас, киерге киім таппай отыр деп хабарлайды Замана басылымы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ең үлкені 20-ға келген әйелдің кенжесі бүгінде 1 жасқа толған.

Айсұлудың айтуынша, өз анасы жеті жасында өмірден өткен. Ал әкесі екінші рет шаңырақ көтереді. Ол 13 жасқа толғанда әкесінің досы 18 жастағы ұлына Айсұлуды айттырған. Қызын құтты жеріне қондырған әке бір жылдан соң қайтыс болыпты.

Айсұлу Жәлелқызы 13 жасында босаға аттағанымен, мектепке бармаған. Көп балалы ана әлі күнге әріп пен сан танымайды.

Әкесі мен шешесінен, бауырынан айырылған әйелдің бүгінде науқас күйеуі мен балалары ғана бар.

"Иә, күйеуім бар ғой. Бірге тұрамыз. Бірақ денсаулығы нашар. Қан қысымы көтеріліп кетсе, басы айналып, көзі қарауытып, құлап қалатыны бар. Жұмысқа жарамсыз. Қазір барлығы менің мойнымда. Өзім әрекет жасап, балаларымды сүйреп келемін. Одан ешбір қайыр жоқ. Кейде Атырауға вахталық жұмысқа кетеді. Кейде ұсақ-түйек бірдеңелер жасайды. Бірақ ақша әкелмейді. "Бермеді", "алмадым" деген сылтауы көп. Қазір де Атырауда", - дейді келіншек.

Айсұлу қаражат жетіспегендіктен, "Парасат" колледжінде оқитын ұлын да оқудан шығарып алған. Әйелдің үлкен ұлы да анасына жұмыс істеп көмектеседі.

"Үлкенімнің ай сайын оқу ақысына 27 мың теңге құйып тұратынмын. Қалтам көтермей, "Әйтеуір бір оқырсың. Жұмыс істеп, бізге жәрдемдес" деп оны да оқудан шығарып алдым. Бастапқы кезде аздап қарайласып жүрген еді. Қазір ол да жұмыссыз отыр.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өзім де әр жерде бір жұмыс істеймін. Ешқашан үйде қарап отырған емеспін. Босана сала да өзімді аямай жұмысқа жегетінмін. Әжетхана жуып, күндігіне 1000 теңге алып жүргенмін. Барып-келу жолымды есептегенде, сонда небәрі 700-800 теңгеге күнелтетінмін. Ол да болса күнделікті нан-пұлымызға жарап тұрған. Міне, бір апта болды. Ол жұмыстан шығарып жіберді.

Менің орныма өзінің бір танысын кіргізетін болыпты. Енді ешқандай кіріс көзі жоқ. Тамақсыз отырмыз. Енді жан-жақтан басқа да жұмыстар қарастырып жатырмын. Жазу-сызу білмеген де қиын екен. Оның да кедергісі көп болып тұр. Қазір елдің ең соңында қалдық. Мен жұмыс істесем, үйге мардымсыз тиын-тебен кіреді. Істемесем ол да жоқ. Шиеттей бала-шаға тек өзіме қарап тұр", - дейді Айсұлу.  

Шымкенттің "Қайтпас" шағын ауданында тұратын олардың пәтерге төлейтін қарызы да көбейіп кеткен.

"Тіршілігіміз осы. Жан қиналысымды сөзбен жеткізе алмаймын. Маған сенбейтіндер де табылатын шығар. Бірақ басқа түспеген адам білмейді. Әзірге қинап тұрғаны - пәтер мәселесі. Айына 35 мың теңге төлеп тұру оңай емес. Бар тапқан-таянғанымызды пәтерақыға беріп, азық-түлік, киім-кешек жағынан тарығып қаламыз", - деп қамықты Айсұлу.

Бала-шағаның қамын қалай жасарын білмей шырқырап жүрген ол енді көпшіліктен үміт күтеді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
22
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel