RU
Мектеп директоры сабаққа кешігіп келген оқушының құлақ пердесін жарып жіберген
Жаңалықтар Әлемде

Мектеп директоры сабаққа кешігіп келген оқушының құлақ пердесін жарып жіберген

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Сұрхандария облысына қарасты Жарқорған ауданындағы мектеп директоры 11 сынып оқушысының басынан ұрып, құлақ пердесін жарып жіберген. Жасөспірімнің анасы директорға қатысты ешқандай шара қолданбағанына наразы деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: 7ya.ru

Көрнекі фото: 7ya.ru

40 жастағы медбике Нодира Эргашеваның хабарлауынша, мектеп директоры Дильшод Бабанов оның 18 жастағы ұлын ұрған.

"Сол күні директор сабақа кешіккен балалардың барлығын аулаға жинаған. Менің балам да кешігіп барған. Директор оны шақырып, құлағынан ұрған. Түсте ол маған хабарласып, құлағы ауыратынын айтты. Мен баламды ауруханаға апардым. Дәрігерлер құлағының пердесі жарылып кеткенін айтты", – дейді Нодира Эргашева.

Ол баласының әскери училищеге түсуді армандағанын айтты.

"Ол үшін бес жыл дайындалды. Енді әскери медициналық комиссиядан өте алмай жүр", - дейді бозбаланың анасы.

Жарқорған ауданының инспекторы Ильхом Норбоевтың хабарлауынша, іс аудандық прокуратураға жолданған.

Аудандық аурухана дәрігері оқушының құлақ пердесі жарылып кеткенін растаған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
6
8
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel