Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қабір тазалағыш адамдар туралы не білеміз?

Опубликовано:

Әлемде алуан түрлі жұмыс түрі бар. Олардың ішінде аса ерекше әрі бір жағынан қорқынышты болып келетін қабір тазалау қызметі болса керек. Бұл іспен айналысу үшін асқан күш-жігер мен батылдықтың керегі анық. Аталмыш қасиеттер гватемалалық қабір тазалағыштардың бойынан табылады.Олардың қызметімен жақынырақ таныс болу мақсатында назарларыңызға тың ақпаратты ұсынамыз деп жазады ok.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Facebook

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Instagram

Гватемалада пәтерлер ғана емес, қабірлер де жалға беріледі. Егерде жалға алу мерзімі асып кеткен жағдайда, қабірден марқұмның денесі алынып, қайта жерленеді. Туыстары келіп әкетпеген қайтыс болған адамның қалдықтары полиэтилепн қабына салынып, жаппай жерлеу тізіміне енгізіледі. Оның арасынан табылғандар басқа адамдармен бірге, қаланың сыртында жерленеді.

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Twitter

Бүгінде Гватемаладағы екі ірі қорымда да мүлде орын қалмаған. Бұл елдегі марқұмдардың туыстары қайтыс болған жақынына қабірді жалға алып әлек. Ал егерде оның ақысын төлеу кешіктірілсе, қабірді босатуға тиіс. Марқұмның денесі болса, жаппай жерлеу тізіміне өтеді.

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Twitter

Қабір тазалағыштар басқа адамдар сияқты о дүниеліктерден қорықпайды. Олар жұмысы барысында қабірдің үстіне отырып алып, марқұмдардың денесін жиіркенбей-ақ жуып-шаюға кіріседі.

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Twitter

Жаппай жерлеу қаланың шетінде басты қорым мен қоқыс алабының маңында орналасқан.

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Getty Images

Қабір тазалағыштардың жұмысы елдегі адамдар теңсіздігін де айқын түрде көрсетеді. Бұл мемлекеттегі байлар мен кедейлердің арасы жермен көктей, бірден ажыратып алуға болады. Сол сияқты қабір арқылы да марқұмның әлеуметтік жағдайын анықтауға болады.

"Жаппай жерлеу тізіміне әдетте, кедейлер енеді. Себебі байлар өзіне жеке зәулім сарай іспетті зират салдырып алады. Біз кедей таптың өкілдері осы жерде боламыз" , - деді қабір тазалағыш.
Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Getty Images

Марқұм денесін эксгумациялау шарасы жылына екі мәрте іске асады.

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Twitter

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Instagram

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Instagram

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Instagram

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Twitter

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1775568-kabir-tazalagys-adamdar-turaly-ne-bilemiz/

pixel