RU
Түркістан облысында 13 жастағы ер баланы мектеп дәретханасында зорлаған

Түркістан облысында 13 жастағы ер баланы мектеп дәретханасында зорлаған

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны мектепте 13 жастағы ұлын жасөспірімдер зорлағанын айтып отыр. Келіншек бұл факті бойынша жергілікті полицияға өткен жылдың сәуір айында арыз тастаған. Бала өзіне қорлық көрсеткен жеткіншектерді танығанымен тергеу жұмыстары ұзаққа созылып кетіпті. Тіпті, мектеп оқушыларына ешқандай шара қолданылмаған екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: news.yandex.ru

Көрнекі фото: news.yandex.ru

Келіншектің айтуынша, оның ұлы туғаннан көзі нашар көретін мүгедек болған. Соған қарамастан, бала жалпыға ортақ мектепте білім алып, өзін тек жақсы жағынан көрсетіпті.

Өткен жылдың ақпан айында анасы ұлының өзін ұстауы өзгергенін байқайды. Алғашында бұл жағдайға аса қатты мән бермеген келіншек сәуір айында жеткіншектің өте ұяң болып кеткенін сезеді. Тіпті, ұлы кез келген себеппен сабақтан ерте кетуге тырысады екен.

Ақырында ұлымен ашық сөйлескен анасы жан түршігерлік шындықты естиді. Ол баласына жасөспірімдер тобы қаңтар айынан бастап сексуалды қорлық көрсетіп жүргенінен хабардар болады. Олар мектеп дәретханасында мүгедек балаға тиіскендерімен қоймай, қорқытып та жүрген екен.

Мектеп оқушыларының бұл әрекетін білген соң келіншек полицияға арыз тастайды. Алайда, тергеудің орнына іс жылы жабылып қалыпты. Әйелдің айтуынша, бұл істің тергеуі мектеп басшылығының кірісуінен кейін де тоқтатылған болуы мүмкін.

Көрсетілген қысым көбейгендіктен анасы мен ұлы өз ауылдарынан кетіп, Алматыға, Аружан Саин басқаратын қорға көмек сұрап келеді.

Қордың қолдауымен зәбір көрген балаға тәуелсіз сараптама жасалған. Ал сараптама нәтижесі балаға сексуалды сипатта қорлық көрсетілгенін растады.

Полицияның ресми ақпараты бойынша, бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 121- бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиға орын алған мектеп басшылығы объективті тергеуге ешқандай кедергі келтірмегендерін айтады.

Сіздің реакцияңыз
6
0
15
8
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel