RU
Алматы облысында 15 жасар бала ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Алматы облысында 15 жасар бала ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Жансүгіров ауылының полицейлері ересек адамның өліміне себепші болған 15 жастағы жеткіншекті тұтқындады. Бұл туралы zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабалайды.

4vsar.ru

Көрнекі фото:4vsar.ru

Оқиға 30 қаңтар күні Жансүгіров ауылында болған.

Ауыл тұрғындары көшелердің бірінен 54 жастағы ер адамның мәйітін тауып алыпты. Марқұмның денесіндегі жарақаттар көлік қағу салдарынан қаза болғанын көрсеткен.

Полицейлер оқиға орнынан көлік нөмірін қыстыратын құрылғының бөлшектерін анықтаған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында автокөліктің түсі мен маркасы анықталды. Адам қағып, оқиға орнынан ізін суытқан Honda Odyssey көлігі екені де белгілі болды.

Оны 15 жастағы жеткіншек тізгіндеген. Көлік кузовында соқтығысу салдарынан болған майысулар табылды.

Қазір шетелдік көлік тәркіленіп, сараптама үшін арнайы тұраққа қойылды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Адам өліміне себеп болған жол-көлік апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іс қылмыстық кодекстің 345, 347 және 349 баптары бойынша тергеледі.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel