Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да осыдан екі апта бұрын жоғалып кеткен бойжеткен өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Осыдан екі апта бұрын із-түзсіз кеткен ШҚО-ның Жарма ауданы, Қалбатау ауылының тұрғыны Айнұр Семсенованың денесі табылды деп хабарлайды "Устинка" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:altaynews.kz
Фото:altaynews.kz: Depositphotos

Семей бойынша Lider.kz-тің үйлестірушісі Евгения Павелдің айтуынша, тәртіп сақшылары бойжеткеннің өлімін растаған. Олардың сөзінше, Айнұр жоғалған күні боран болған, сөйтіп марқұм жолдан адасып кетіп, үсіп қалған.

Алайда қыздың ата-анасы құзырлы орган айтқан нұсқамен келіспей отыр. Олар қызының адасып, үсіп қалғанына сенбейді. Себебі туыстары марқұмның денесі ауылдың ішінен, тұрғын үйлер бар зауыт маңынан табылғанын айтады.

Айнұрдың денесін әкесі тапқан. Алайда марқұмның әпкесі ол жерді бұған дейін өзінің күйеуі, тұрғындар мен еріктілер де қарағанын айтады.

"Мен өзім денені тапқан кезде Айнұрдың арқасымен жатқанын, аяқ-қолдары тік болғанын көрдім. Оның үстінде жеңіл ұлпа қар болды. Негізінде бірнеше күн бұрын боран мен бұрқасын тұрған", - дейді әйел адам.

Жақындары бойжеткеннің денесін ол жаққа тастап кетті деп санайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айнұр Семсенованың 14-ші қаңтар күні жұмысына кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1776529-sko-da-osydan-eki-apta-bryn-zogalyp-ketken-bojzetken-li-kjinde-tabyldy/

pixel