RU
Шымкентте жұрт талқысына түскен жол-көлік апатына қатысты үкім шықты
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жұрт талқысына түскен жол-көлік апатына қатысты үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жол ережесін бұзып, жаяу жүргіншінің өліміне себепкер болған күдікті азамат шартты түрде сотталды. Қаратау аудандық соты осындай үкім шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

ррарар

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Өткен жылдың 23 тамызында «Toyota» мінген сотталушы солға бұрылмақ болып қарама-қарсы бағыттан бағдаршамның жасыл түсіне тіке жүріп келе жатқан жəбірленуші С.М басқарған «BMW» автокөлігіне жол бермей, оған соқтығысқан болатын.

Қатты соққыдан С. М тізгіндеген темір тұлпар бағанаға соғылып, жайбарақат тұрған жаяу жүргіншіні қағып барып тоқтаған.

Алған ауыр дене жарақаттарынан жаяу жүргінші сол жерде тіл тартпай кеткен. «BMW» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы орта дəрежелі жарақат алған.

Сот үкімімен сотталушы Н.А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345 бабы, 3-ші бөлігімен кінəлі деп танылып, 4 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде сотталды.

"Бұл жол-көлік оқиғасы əлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен болатын. Қаза болған жаяу жүргіншінің туыстары неге бір ғана "Тойота" көлігінің иесі жауапқа тартылды? Неге "БМВ" жүрізушісін жауапкершілікке тартпайды деген сауалдар да болды. Іс материалдары сотқа келіп түскен соң да арнайы тағайындалған сараптамалар нəтижесімен "Тойота" көлігінің жүргізушісі кінəлі деп танылды" - дейді Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді.
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel