Выйти
RU

"Мақсаттарың не": Танымал әнші Ләйлә Сұлтанқызын әбігерге түсірді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі әнші Құрмаш Маханов Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтай жүргізетін "Өз ойым" бағдарламасын сынап тастады. Студияға қонақ болып келген эстрада жұлдызы бағдарламаның қандай мақсаты барын тікелей сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Өз ойым

Фото: Видеодан кадр/ Өз ойым

Плагиат әндер тақырыбы қозғалған шығарылымда бағдарлама студиясына Құрмаш Маханов келді.

Ол әңгіме барысында тележүргізушілерден бағдарлама мақсатын айтуды өтінді.

"Мына бағдарламаның мақсаты не? Маған соны айта аласыздар ма? Бұл тақырып болмаса да, жалпы бағдарламаның мақсаты не?", -деп сұрады әнші.

Махановтың бұл сұрағына ашуланған Ләйлә Сұлтанқызы оған ұрысып тастады.

"Құрмаш, сен не мақсат сұрап отырсың? Не мақсат керек? Әр хабардан сен шешім күтесің бе өмірде?",- деді тележүргізуші.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мақсаттарың не": Танымал әнші Ләйлә Сұлтанқызын әбігерге түсірді (видео)