RU
Шымкентте жұмысынан қуылған директор мектепке мұғалім болып қайта оралған
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жұмысынан қуылған директор мектепке мұғалім болып қайта оралған

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жемқорлыққа қатысты күдікке ілінген мектеп директоры қызметінен босатылғанымен, бір аптадан соң мұғалім болып білім ордасына қайта келген. Осыдан кейін педагогтар мен ата-аналар М. Горький атындағы №12 мектептің бұрынғы басшысының үстінен арызданған деп хабарлайды Отырар арнасы.

Фото: Отырар арнасы

Фото: Отырар арнасы

Мектептің бұрынғы директоры Дариға Әлімбекова бір апта бұрын, 30 қаңтар күні жұмыстан қуылып, 5 ақпан күні қазақ тілі пәні мұғалімі болып қайта келген.

Педагогтар бұырнғы директордың сабақ беруіне түбегейлі қарсы екенін білдіріп, .олар бұрынғы басшысын басқа мектепке ауыстыруды сұраған.

"Біздің директор қосымша сабақтар үшін мұғалімдерден пара алған делініп, қазір тергеліп жатыр. Бұл олқылықтар үш жылға созылып келген", - дейді бастауыш сыныптың мұғалімі Мария Голованова.

Арнаның хабарлауынша, шағым түсірушілердің арасында ата-аналар да бар.

Олардың айтуынша, Әлімбекова директор болғанда мектеп тарапынан борға, шүберекке, құрылыс материалдарына ақша жиналыпты.

Сондай-ақ, мектепке қажетті көптеген жабдықтарды ата-аналардың қаражатынан алынғанын айтып берген.

"Білім саласында жемқорлыққа қатысты нөлдік төзімділік қағидаты жұміс істейді. Соны басшылыққа алып біз директорды орнынан алып тастадық. Д. Әлімбекова конкурстан өтіп бұл қызметке үш жыл бұрын келген болатын.
Оның біліміне қарасақ, осы пәннен сабақ беруіне болады. Алайда қазіргі мектептегі жағдайды ескеріп, біз оны басқа білім ордасына ауыстырамыз”, - деді Шымкент қалалық білім басқармасының әкімшілік бөлімінің жетекшісі Жанат Базарова.

Сіздің реакцияңыз
8
0
3
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel