Сергей Хорошун жаңа қызметке тағайындалды
Опубликовано:
Мемлекет басшысының өкімімен Сергей Хорошун Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
Еске сала кетейік, Сергей Хорошун 2006 жылдан бері Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.
Бұған дейін "қалалық коммуналдық қожалық" МКК КҚБ-да,"Целинограджилстрой" ӨҚҰ, Целина теміржол басқармасында қызмет еткен.
"Құрмет" орденімен және "Астана", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медальдарымен марапатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1777412-sergej-horosun-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/