Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

57 жасында шпагатқа отыра алатын астаналық әже елді таң қалдырды (фото)

Жарияланған күні:

Астаналық Гүлнәр Құрманова жасы 57-ке келсе де, жаттығу залына барып, сағаттап жаттығу жасайтын жандардың бірі. Ол сондай-ақ, дәмі тіл үйірер тағамдар әзірлеп, желіде аса танымал болған Food блогер. 5 бала, бір немере тәрбиелеп отырған әжей сұлулығының құпиясы неде екенін NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды
Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

- Гүлнәр, білуімізше сіз әлеуметтік желіде алдымен Food блогер ретінде танылдыңыз. Аз уақыт ішінде осындай танымалдыққа қалай қол жеткіздіңіз?

- Иә дәл солай. Бірақ бастапқыда шыны керек, Food блогер боламын де еш ойламаған едім. Бәрі алқызыл раушан гүлдерін өсіріп, оларды желіге жүктеуден басталды. Бәрі "Астананың суығында бұл гүлдерді қалай өсіресіз?" деп таң қалып жатты. Сосын мен оқырмандарды тағы да бір рет таң қалдырайын деп шештім.

Бұл жолы желіге өзімнің бақшамда өсетін қияр, сәбіз, қызанақ сияқты көкөністердің суретін бірінен соң бірін жүктей бастадым. Алғашында ешкім маған сенбеді. Көпшілік мені Алматыда тұрады деп ойлады. Ақыр соңында оқырмандардың Астанада тұратынына көздері жетіп, мен аджика, лечо сияқты салаттардың рецептісін, қияр мен қызанақты қалай тұздау керектігі жайлы пайдалы ақпаратпен бөлісе бастадым.

Осылайша аяқ астынан Food блогер болып шыға келдім. Қазір де жеңіл әрі тез жасалатын тағамдардың рецептісімен бөлісіп отырамын.

Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды
Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды
Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

- Жасыңыз 50-ден асса да мінсіз мүсініңіз бен әдемілігіңізді сақтап қалыпсыз. Осындай сұлу болуыңыздың құпиясы неде?

Шынымды айтсам мен спорттың қандай да бір түрімен айналыспайды екенмін. Бірақ аргентиналық танго биін билеуді, сондай-ақ йогамен айналысуды ұнатамын. Сұлулық пен жастықтың құпиясы – жақындарымның маған деген ыстық махаббатында деп білемін.

Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды
Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

- Сонда жаттығу залына бармайсыз ғой?

Жоқ барамын, кейде тіпті бос уақытымның көпшілігін сол жаттығуға арнасам ба деп ойлаймын. Бірақ көп жағдайда уақыт тапшы болып жатады. Ондайда жаттығуға бармасам да, жоқ дегенде күн сайын "отырып-тұру" (ред. присадание) жаттығуын жасаймын.

Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды
Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды
Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

- Айтпақшы сізді 50-ден ассаңыз да, шпагатқа отырады деп естідік. Сол рас па?

Иә, шпагатқа да отыра аламын, егер денсаулық жарап тұрса, оның еш әбестігі жоқ деп ойлаймын.

Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды
Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

- Жас қыз келіншектерге бет және мінсіз мүсін күтіміне қатысты қандай кеңес айтар едіңіз?

Бұрындары ауылда тұрғанда айран мен қолдың қаймағынан бетке маска жасауды әдетке айналдырғанмын. Қазір бет және шаш күтіміне қажет дәрумендерді ішемін. Ал тамақтану режиміне келер болсақ, күніне 5-6 рет аз-аздан тамақтанып отырамын.

Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды
Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

- Ал өзіңіз сияқты жас әжелерге айтар кеңесіңіз бар ма?

Жас әжелерге күнделікті күйбең тіршіліктен бөлек, өздеріне де бір мезгіл көңіл бөлсе екен деп айтар едім. Өз-өздерін күтіп, жанына жақын адамдармен жиі-жиі кездессе деген тілек айтар едім.

Әңгімеңізге рахмет!

Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды
Фото Гүлнәр Құрманованың жеке мұрағатынан алынды: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777456-57-zasynda-spagatka-otyra-alatyn-astanalyk-ze-eldi-ta-kaldyrdy-foto/