Выйти
RU

Купальникпен түскен суретін көрсеткен Мәдина Сәдуақасова желіде қызу талқыға түсті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Instagram парақшасына жағажай киімімен түскен суретін жүктеген Мәдина Сәдуақасова жұрттан сөз естіп тынды. Өздерінің сүйікті әншілерінен мұндай әрекет күтпеген желі қолданушылары оны қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Әншінің желіге жүктеген бірінші суретін желі қолданушылары аяусыз сынға алғандықтан, Сәдуақасова пікірлерді өшіріп тастаған.

Кейін парақшасына екінші сурет жүктеп:
"Алдындағы суретке неге сонша қорқынышты пікір жаздыңыздар? Құрсын, пляждың жағасында сіздер қалай киінесіздер?", - деп оқырмандарына өз ренішін жеткізді.

Ал желі қолданушылары болса әншіден мұны күтпегенін жарыса жазған.

"Жағада купальникпен жүрсек те, сен сияқты жұртқа жарияламаймыз", "Сіздің жартылай жалаңаш суретіңізді көрмегесін, қызық болып тұр. Өтініш, өз қалпыңызды жоғалтпаңызшы", "Жалаңаш жүрсеңіз де өзіңіз біліңіз! Бірақ оны елге көрсету міндетті ме?", "Қазақ қыздарын киіндіре алмай жүргенде. Сіздің мұныңыз не?".
"Басқа әншілер де барып жатыр. Бірақ сіз сияқты сурет жүктеп жатқан жоқ. Қазақ елі онсыз да бүлдіршіндерден айырылып, ес жинай алмай отыр", "50 градус ыстықты бұлай жүрмейміз. Сен 35 градуста осылай жүрсең, 50 градуста жалаңаштанатын шығарсың", "Мәдина, ел аза тұтып отырғанда, өз абыройыңды түсірме" деп желідегілер әншіге пікірін қарша боратқан.

Айта кетейік, күні кеше әнші Астанадағы бес баланың өлімі жанына батқанын айтып, флягпен су тасып, пеш жаққан кезін еске алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдина Сәдуақасованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Купальникпен түскен суретін көрсеткен Мәдина Сәдуақасова желіде қызу талқыға түсті (фото)