RU
Жаппай той әндерін айтып кеткен Серік Ибрагимов продюсеріне жақпай қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жаппай той әндерін айтып кеткен Серік Ибрагимов продюсеріне жақпай қалды

Рассказать Вконтакте

Серік Ибрагимовтің бұрынғы продюсері Алтынбек Рахметов әншінің репертуарына көңілі толмайтынын айтты. Ол шәкіртінің той әндеріне көшіп кеткеніне наразы деп хабарлайды "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Серік Ибрагимов, Алтынбек Рахметов. Фото:MusicPrime. kz,BNews.kz. Коллаж: NUR.KZ

Серік Ибрагимов, Алтынбек Рахметов. Фото:MusicPrime. kz,BNews.kz. Коллаж: NUR.KZ

Алтынбек Рахметов пен әншінің ортақ жұмысы төрт жылға созылған. Алайда өткен жылы Серік Ибрагимовтің қалауымен, олар жұмысын тоқтатты.

"Қазіргі репертуарына көңілім толады" деп айта алмаймын. Осыдан 2-3 жыл бұрынғы Серік пен қазіргі Серік екі бөлек адам. "Кішкене бетіңді сахнаға емес, тойға қарай бұрып жіберген екенсің" деп айттым.
Стиль жағынан да айтарым бар. Қазіргі киіп жүрген киімдеріне де көп көңілім тола бермейді. Негізі оны бетіне де айтқанмын. Бірінші рет те айтып тұрған жоқпын. Мұндай жағдайды мен ғана емес, менің әріптестерім де келіп, "Серікке не болған?" деп айтады", - дейді Алтынбек Рахметов.

Ал әншінің айтуынша, өзіне өзгеріс енгізбек болған.

"Өзіме сондай ойлар келді. Басқаша бір өзгеріс енгізіп көрейін деген сияқты. Халық бірде былай, бірде былай қабылдап жатыр. Сондықтан бірден үйреніп кету мүмкін емес қой. Бірақ шектен шыққан дүние жасап жатқан жоқпын деп ойлаймын", - деп жауап берді әнші бұрынғы продюсеріне.

Айта кетейік, әнші 2014 жылы "Вокзалда қауышқан қыз" клипімен көпшілікке танымал болған.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel