Выйти
RU

Бес мың теңгеге жүзік сатып алған әйел ойда-жоқта миллионер атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Англияда қайырымдылық қор қызметкері Дебра Годдард анасына көмектесу үшін жүзігін сатпақ болған. Ал бұл әрекет оның өмірін түбегейлі өзгертіп жіберген деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: The Sun

Фото: The Sun

Дебра бұл сақинаны 33 жыл бұрын 10 фунт (бес мың теңгеге) сатып алыпты. Ол жүзікті осы уақытқа дейін қорапта сақтап келген екен.

Алайда алаяқтарға алданып қалған соң ол амалсыздан ескі әшекейдің бағасын білу үшін зергерге барыпты.

Өз сақинасына зергердің айтқан құнын естіген Дебра қатты таң қалады. Оның жүзігі 26,27 караттық гаухартас болып шығыпты.

Қатты қуанған келіншек жүзікті 743 мың фунтқа (360 млн 990 мың теңгеге) сатып жібереді.

Осылайша, 55 жастағы әйел анасына көмектесемін деп, қалай байып кеткенін де түсінбей қалған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бес мың теңгеге жүзік сатып алған әйел ойда-жоқта миллионер атанды