Выйти
RU

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлдеге ие болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан "Төрт құрлық чемпионатында" күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Элизабет Тұрсынбаева. Фото:AP Photo / Julie Jacobson

Элизабет Тұрсынбаева. Фото:AP Photo / Julie Jacobson

Тұрсынбаева еркін бағдарламада 139.37 ұпай жинап, маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті. 

Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Элизабет Тұрсынбаева 207.46 ұпай жинады. Бұл турнирдің күміс жүлдегері атануға лайық нәтиже. 

"Төрт құрлық чемпионатындағы" әйелдер арасындағы сында жапониялық Рика Кихира жеңімпаз атанды. Ол жалпы есебі 221.99 ұпайға қол жеткізді. 

Үшінші орын 207.12 ұпай жинаған Жапонияның спортшысы Маи Миахараға бұйырған.

"АҚШ төрінде сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бүгін өз мансабымда тұңғыш рет төрт айналымды сальховты орындауға тырыстым. Элементті орындау кезінде құлап қалсам да, соңына дейін айналдыра алғаным үшін қуаныштымын.
Екі аптадан бері осы элементті еркін бағдарламада орындап, жаттыққан едім. Бір рет құлаған соң, қалған секіру элементтерін сәтті орындағаныма қуаныштымын", - дейді Olympic.kz сайтына пікір білдірген Тұрсынбаева. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлдеге ие болды