RU

Өзбекстанда селфи жасамақ болған 14 жастағы қыз үшінші қабаттан құлап кетті

Өзбекстанның Ташкент қаласында сегізінші сыныптың оқушысы селфи жасау кезінде үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бұл туралы ca-news.org-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Fotolia
Көрнекі фото: Fotolia: Facebook
"9 ақпан күні Ташкенттің Юнусабад ауданында үйінде селфи жасамақ болған 14 жастағы оқушы қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен", - деді Өзбекстанның ІІМ баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан 8 сыныптың оқушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777932-zbekstanda-selfi-zasamak-bolgan-14-zastagy-kyz-sinsi-kabattan-klap-ketti.html