RU
Өзінің жыныссыз екенін айтқан қазақ жігіті биік өкшемен көзге түсті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Өзінің жыныссыз екенін айтқан қазақ жігіті биік өкшемен көзге түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Өзінің жыныссыз екенін айтып, жұртты шошытқан Әли Батов "Cosmo Beauty Awards-те" өз стилімен көзге түсті. Жас жігіттің шиедей ерні мен биік өкшелі аяқ киімі бірден көпшіліктің көзіне түскен деп жазады cosmo.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Әли Батовтың instagram парақшасынан. Коллаж NUR.KZ

Фото: Әли Батовтың instagram парақшасынан. Коллаж NUR.KZ

Үстіне боди киген визажист жігіт жұрттың назарын өзіне аударған.

Әли Батовтың айтуынша, ол қазіргі уақытта өз блогын жүргізеді.

"Сұлулықпен айналысамын. Жасаған жұмысымды көпшілікпен бөлісемін. Кірпігім жабыстырылған. Мен өмірде де осылай жүремін. Бұл бояуды жағу үшін кемі бір сағат уақыт кетеді", - дейді қазақ жігіті.

Айта кетейік, жас жігіт үстіне купальник типтес боди мен шалбар, қара түсті биік өкше киіп келген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жас жігіт осыдан біраз уақыт бұрын өзінің желідегі жазбасымен құртты шошытқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
24
6
7
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel