RU
Тойда сәбидің дауысын айнытпай салған әжей жұртты күлкіге қарық қылды
Жаңалықтар Қоғам

Тойда сәбидің дауысын айнытпай салған әжей жұртты күлкіге қарық қылды

Рассказать Вконтакте

Тойда екі жасқа тілек айтқан әжей жұртты аузына қаратты. Сәбидің дауысын айнытпай салып берген әжейдің видеосы kazakh_toii парақшасында жарияланған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жас жұбайларға тілек айтқан әжейге тіпті асаба таңғалып қалған.

"Жастар бақытты болсын. Орталарыңда бала көбейсін", - деген той қонағы іңгәләған сәбидің дауысын салып береді.

Бұған сене қоймаған асаба әжейден қайтадан дауысты салуын сұрайды.

Сонда ақ жаулықты ана қайтадан нәрестенің дауысын салып берген.

Осыдан кейін барып той қонақтары мен асабаның әжейге қол шапалақтап, сыйлық табыстағанын көруге болады.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
0
22
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel