Выйти
RU

60-тан асқан Айжан Нұрмағамбетова ел күтпеген мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жасы алпыстан асқан Айжан Нұрмағамбетова q-поп жанрында ән орындауды армандайтынын айтты деп жазады "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айжан Нұрмағамбетова. Фото:gakku.kz

Айжан Нұрмағамбетова. Фото:gakku.kz

Көпшілік "q-поптың анасы" санайтын әнші жаңа бағыттағы өнердің өзіне ұнайтынын жеткізді.

"Жаңашылдыққа менің жаным құмар. Өнер адамы үнемі солай болу керек. Ерекше стиль, әдемі әуен өнердің белгілі бір кереметі. Мен де "q-поп жанрында ән айтсам ба" деп ойлаймын.

Қазіргі уақытта біз қандай ән айтқымыз келсе де өз қолымызда. Сондай уақыт. Не киіп, қалай жүреміз, бұл - бірінші кезекте өзіміздің таңдауымыз.

Q-попты әлем мойындаған. Мен де мойындаймын. Ел сахнасында осы жанрда жақсы ән айтып жүрген әншілер жетерлік", - дейді Айжан Нұрмағамбетова.

Естеріңізге сала кетейік, Айжан Нұрмағамбетованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
60-тан асқан Айжан Нұрмағамбетова ел күтпеген мәлімдеме жасады