RU
"Бізге бұйырмады": Асхат Тарғын "Кешью" қыздарына қолы жетпегеніне өкініп қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бізге бұйырмады": Асхат Тарғын "Кешью" қыздарына қолы жетпегеніне өкініп қалды

Рассказать Вконтакте

Асхат Тарғын желіде "Кешью" қыздары жайлы әзілдеймін деп елдің қызу талқысына түсті. Әнші атышулы топтың сылқымдарына бойдақ кезде қол жеткізе алмағанын айтып, жұртты таңғалдырған деп жазады NUR.KZ.

"Чип-чип" әнін шырқайтын жұлдыз экс-кешьюлік Ақбота Сейітмағамбет жүктеген фотоның астына екі ойлы пікір қалдырған.

"Дәурен мен Айқын соқты негізі. Біз бойдақ кезімізде кешьюдің бір қызы бұйырмады-ау" , - деп әзілдеген Асхат Тарғын.

Әншінің бұл пікірінен кейін желі оқырмандары оған шүйлігіп, қызу талқыға салған. Көпшілік оның екі жыл бұрын ғана өзінен әлдеқайда жас қызға үйленгенін бетіне басыпты.

Ақбота Сейітмағамбет жариялаған суреттің астында оқырмандардың толассыз сыны қаптап кетіп, ақыр-соңы ару жазылған барлық пікірлерді жойып тастаған.

Фото: скриншот

Фото: скриншот

Сіздің реакцияңыз
12
1
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel