Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау әкімінің есебін тыңдауға келген ақсақал шаһар басшысын састырды

Опубликовано:

Атырау қаласының әкімі тұрғындар алдында есебін беру кезінде ыңғайсыз жағдайға қалды. Өткен жылдың қорытындысын тыңдауға келген қарт адам күтпеген жерден Әлимұхаммед Құттымұратұлынан оның кім екенін сұрап, көпшілікті таңғалдырған деп жазады Ақжайық.

Әлимұхаммед Құттымұратұлы Фото: azh.kz
Әлимұхаммед Құттымұратұлы Фото: azh.kz: Facebook

Әкім 2018 жылдың есебін аяқтаған соң, қала тұрғындары шаһар басшысы көкейінде жүрген сұрақтарын қоя бастаған.

Бірі тұрғын үй мен коммуналдық мәселе жайлы сөз қозғаса, енді бірі әкімнен оның кім екенін сұрап әлек болған.

Көптің арасынан шыққан қария шаһар басшысына "Жаңа ғана есеп берген сіз кімсіз? Кім болып жұмыс істейсіз?" деп сұрап, Құттымұратұлын ел алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырған.

Ал тұрғынның бұл сауалына шаһар басшысы қысқа әрі нұсқа жауап берді.

"Мен есеп берер алдында кім екенімді айтқан едім. Мен Атырау қаласының әкімімін" , - деп анықтап кетті шенеунік.
Жиынға қатысушылар сұрақ қоюда Фото: azh.kz
Жиынға қатысушылар сұрақ қоюда Фото: azh.kz: Twitter

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778539-atyrau-kimini-esebin-tydauga-kelgen-aksakal-saar-bassysyn-sastyrdy/

pixel