RU
Жігіттер қауымы сұлу әрі табысты арулардан неге қорқады?
Жаңалықтар Қоғам

Жігіттер қауымы сұлу әрі табысты арулардан неге қорқады?

Рассказать Вконтакте

Жыл сайын әлемде ер азаматсыз өмір сүретін сұлу әрі табысты әйелдердің қатары көбейіп келеді. Олар неге жалғыздықты таңдайды? Бұл шешімге кім немесе қандай талаптар әсер етеді? Бұл туралы woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: wlooks.ru

Көрнекі фото: wlooks.ru

  • Жоғары талаптар

Сұлу бикештер жанындағы жігіт өзін бақытты санауы керек деп есептейді. Жалпы, әркімнің серігін таңдауға өз талаптары бар.

Алайда сырт келбеті, табысы, абырой-беделі көркем аруларды ойландырмай қоймайды.

Бұл талапқа жете алмаған жігіттердің көп бөлігі ештеңе талап етпейтін, қарапайым қыздарға көңіл қоюға тырысады.

  • Эгоизм

Сұлу болу үшін ақша, күш және уақыт керек. Егер арудың қаржысы жеткілікті болса, ол барлық назарын басқаға емес, өзіне ғана аударғысы келеді.

  • Әрдайым бос емес болу

Табысты әйелдің өмірі қызыққа толы болғандықтан, ол біраз уақыт бойы жанұя мен балалар туралы ойламайды. Өзі жалғыз өмір сүріп үйренген соң бикеш жан дүниесіне өзге адамды жақындатудан қорқып қалады.

Соның салдарынан, жалғыз қалып қалуы мүмкін.

  • Ара-қатынасқа көңілі толмау

Отбасы - ара-қатынас үшін жұмыс істеп, түсіністік таныта білу. Ал табысты әйел өзіне деген қарым-қатынас ұнамаса, ғашығын тәрбиелеуден гөрі, оны басқаға алмастыра салғанды жөн көреді. Қазіргі қоғамдық пікірлер мен тренингтер келіншектерді мықты болуға, өмірін өзінен басқа ешкімге арнамауға үйретуде.

  • Ер азаматтардың қорқынышы

Ер азаматтар сұлу қыздардан қорқады. Бір жағынан олар көркем арудың жалғыз екеніне сене алмаса, екінші жағынан ол бикешке материалды тұрғыда лайық болу керек деп ойлайды. Осылайша, олар басқа қызды таңдауды жөн көреді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel