Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Резеңке" жұмыртқалар тұрғындардың үрейін ұшырды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде "резеңке" жұмыртқа туралы ескертпе видео жылдам таралуда. Өскемен тұрғыны ерекше жұмыртқаларды алмауға шақырды деп жазады NUR.KZ.

Оғаш "резеңке" жұмыртқалар қазақстандықтардың зәресін ұшырды
Фото:Видеодан скриншот: Facebook

Өскемен тұрғыны оғаш жұмыртқаларды видеоға түсіріп алған. Ол тұтынушыларды жұмыртқаны тексеріп алуға шақырды.

"Тексеріңдер. Дүкеннің ішінде жарып көріңіздер", - деген үндеу жасады келіншек.

Видео Іnstagram-дағы @oo_osa_semey_vko парақшасында жарияланған. Оны 7500 адам көріп үлгерген.

Әйел адамның сөзінше, жұмыртқалар Қытайда өндірілген. Бұл өнімнің табиғи жұмыртқадан ерекшелігі қабыршақтың астындағы қызыл түсті гель суда қайнағанда ағарады.

Желі қолданушылардың кейбіреуі бұл жайтқа наразылығын білдірсе, енді біреулері бұған сенбестік танытты.

"Неткен сұмдық", "Неткен далбаса", "Үсіп кеткен жұмыртқа, сондықтан осындай", "Сұмдық", "Жалған", - деп жазған оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779459-rezeke-zmyrtkalar-trgyndardy-rejin-syrdy/

pixel