RU

"Масқара ғой": Былтырғы жылы Астана әкімдігіне бір миллионнан астам шағым түскен

Бақыт Сұлтанов бүгін Астанада қала тұрғындары алдында жылдағы дәстүр бойынша есептік кездесу өткізіп жатыр. Қала әкімі тек былтырғы жылдың өзінде әкімдікке бір миллионнан астам шағым түскененін жеткізді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бақыт Сұлтанов. Фото: Otyrar.kz
Бақыт Сұлтанов. Фото: Otyrar.kz: Instagram
"Ол шағымдардың бәрін тексеріп, әркіммен жеке-жеке кездесу өткізу тиімсіз екенін білдік. Сондықтан "I Көмек" желісін іске қосқан едік. Шағымданғысы келген кез келген адам 109 номерін теріп, өз шағымын жолдай алады. Былтырғы жылы осындай бір миллионнан астам шағым түсіпті. Масқара ғой?! Ол шағымдардың бәрі қаралды.

Әрине жүйе жаңа болғандықтан, оны әлі жетілдіру керек болады. Осы жұмысты жалғастыратын боламыз", - дейді қала басшысы.

Сондай-ақ әкім тұрғындарды әлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырды.

"Желідегі шағымдарды да бәрін қарап отырамыз. Белсенді болыңыздар. Сонда қаладағы мәселелерді тез шешетін боламыз", - дейді қала басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1779579-maskara-goj-byltyrgy-zyly-astana-kimdigine-bir-millionnan-astam-sagym-tsken.html